Басты Жаңалықтар Бүгін «Алтын доптың» иегері белгілі болады

Бүгін «Алтын доптың» иегері белгілі болады

Бүгін «Алтын доптың» иегері белгілі болады. Дүниежүзі көз тіккен шара биыл 60-жыл қаратынан ұйымдастырылып отыр. Марапаттау рәсімі Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады. Спорт әлемінде айырықша орын алатын жүлдеге осы жылы ресми түрде 30 футболшы ұсынылды. Жеңімпазды әр елден барған журналистер таңдады. Сапаршылар футболдағы ең беделді жекелеген марапатқа лайық үміткерлерді тізіп шықты. Арасында ПСЖ сапынан Усман Дембеле, «Барселонаның» жас вундеркинді Ламин Ямаль, «Реалдық» Килиан Мбаппе, «Ливерпуль» көшбасшысы Мохамед Салах, «Барселонаның» вингері Рафинья бар. Бұл кешке Ламин Ямаль отбасының 20 мүшесін ертіп әкеледі деген ақпарат бар.

Айта кетейік, былтыр «Алтын допқа» «Манчестер Ситидің» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри ие болған еді. Шара кезінде бұдан өзге бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталады.


Бөлісу