Мұз биінен Ақ Олимпиада квотасы бұйырмады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиаданың қосымша квотасынан құр қалды. Қытай астанасында өткен лицензиялық турнирде спортшыларымыз жекелей сын мен мұздағы би бағдарламасында бақ сынады. Өкінішке қарай, олар үздік бестік түгілі ондыққа да ілікпеді. Ерлерден жекелей сында Диас Жиренбаев мұз айдынына шықты. Қысқа бағдарламада 64.92 ұпай жинап, 15-орыннан көрінді. Ал қоссайыстың нәтижесі бойынша 189.14 ұпайға ие болды. Осылайша Диас жеке рекордын жаңартты. Әйтсе де жарыс кестесінің 14-сатысына жайғасып, Олимпиада жолдамасына иелік ете алмады. Ал мұздағы биден ел намысын қорғаған Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова да үздіктер қатарынан көріне алмады. Қоссайыс нәтижесі бойынша 134.78 ұпай алған қазақстандық жұп 15-орыннан көрінді. Белгілі спорт комментаторы Лилиана Әлжанова әлеуметтік желідегі парақшасынада жарысқа қатысты мынадай пікір қалдырыпты.
Лилиана Әлжанова, спорт комментаторы:
Сөйтіп бізге 2-жолдама бұйырмайтын болды. Ол жолдамадан дәм еткен ешкім де жоқ. Бәрін түсінеміз, себебі Диас әлі күрделі элементтерді секіре алмайды. Үш айналым аксельдің өзін мен ресми жарыста бірінші рет көріп отырмын. Қате болса, түзетерсіз. Каскадтың өзі 3-2. Дегенмен Диас жарады деп отырмын. Жаттығуы өте жақсы қойылған.
Сонымен, келесі жылы Италияда өтетін Ақ ойындарда мәнерлеп сырғанаудан ел намысын 2 спортшы қорғайды. Ерлерден – Михаил Шайдоров, әйелдерден – Софья Самоделкина.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитеті Шайдоровқа Олимпиадаға
дайындалуы үшін грант бөлгенін айтқан едік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
