Басты Жаңалықтар Өскемендегі техникалық университет ЖИ енгізе бастады

Өскемендегі техникалық университет ЖИ енгізе бастады

Өскемендегі техникалық университет оқу бағдарламасына біртіндеп жасанды интеллект әдістемесін енгізіп жатыр. Бұған дайін студенттер цифрлы технологияға құрылған «Аi Sana» бағдарламасының курсынан толық өткен. Оған қоса осы инновациялық платформа көмегімен жасанды жад негізінде бірқатар жобаны іске қосты.

«Аi Sana» бағдарламасын жоғарғы оқу орындары біртіндеп енгізіп жатыр. Бұл жоба зерттеу және қолданбалы тәсілдерді интеграциялайды. Яғни, білім беру саласында жасанды интеллект жүйесін үздіксіз  қалыптастыруға бағытталған. Қазірдің өзінде студенттер ғылми жобаларды жасанды интеллектке сүйеніп жазады.


Дэвид Брозиневский, магистр:

Біз осы орталық ашылғаннан бастап түрлі жобаны бірден қолға алдық. Соның бірі - өздігінен қозғалатын робот. Оған арнайы бағдарламаны да өзіміз жаздық. Енді жасанды интелектінің көмегімен ол роботты желдіріп жатырмыз. Оны түрлі мақсатқа пайдалануға болады.


«Aі Sana» бұл тек білім берудің бастамасы ғана емес, кадр даярлауға бағытталған іргелі әрі жүйелі әдіс. Сондықтан цифрлы технологияға кезең-кезеңмен өту арқылы нақты нәтижеге қол жетеді.


Зарина Төлеубекқызы, цифрлық технологиялар және ЖИ мектебінің директоры:

Бұл орталықты құрудың өзі біздің ғылыми жобаларды жүзеге асыруда үлкен бір себеп болады. Бізде 15-тен астам ғылыми жобаларымыз бар, әрбір жобаның өзінде жасанды интеллекттің компоненттері мен құрылғыларын қолданамыз.


Жасанды интеллект игілігін университет оқу үрдісінде қолдану арқылы өңірдегі өндірістерге де бағдарлама жасап беруді жоспарлап отыр. Қазір әрбір ғылыми жобаға жазылғанда жасанды инттеллекттке жүгінеді.


Ұлан Несіпқалиев, Д.Серікбаев атындағы техникалық университеттің проректоры:

Өлкеміздің өзі өндірісті болғандықтан, біздің орталық осы жасанды интелектіні өндірісте қолданудың тетіктерін зерттейді және соны енгізуге жұмыс істейді. Алғашқы ғылыми жұмыстары басталып та кетті. Жасанды интеллектіні пайдалана отырып, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


«Aі Sana» орталығыныдағы жас ғалымдар тағы бір бағдарлама жазып шықты. Ол арқылы оқытушылар студенттердің орындаған жұмыстарын тез тексеріп, бағалай алады. Яғни, шәкірттің диплом, курстық жұмыстарының қателіктерін тауып немесе түпнұсқа әлде көшірме екендігін автоматты түрде анықтайды.



Бөлісу