Еуропа әуежайлары кибершабуылға ұшырады
Өткен тәулікте Еуропа әуежайлары тағы да қиындықтарға тап болды. Солардың қатарында Лондонның «Хитроуы» да бар. Бұл авиациялық терминалдардың компьютерлеріне шабуыл жасалып, тіркеу және жүктерді сұрыптау жүйесі істен шыққан. Сондықтан жүздеген рейс кешікті. Брюссель әуежайы болса, жүйенің қайта іске қосылғаны жөнінде ақпарат жоқ екенін алға тартып, авиакомпанияларға бүгін де әуе сапарларының жартысын доғаруға шақырды. Еуропа одағының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ұйымы да дүйсенбі күні авиарейстерді тоқтата тұруға кеңес беріп отыр. Қазір оқиғаның себебі тергеліп жатыр. Болжамдарға қарағанда кибершабуылдардың ар жағында хакерлер, қылмыстық топтар және мемлекеттік құрылымдар тұруы мүмкін.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18