Халықаралық мәдени киножарыстың соңғы күнінде үздіктердің үздігі марапатталды. Қатысушылар арасынан озық туындылар үш бағытта анықталды. Мәселен, бірінші «Жол түйісі» аталымы бойынша Эдуард Новиков бас жүлдені иеленді. «Атамекен» аталымы бойынша «Чинар» фильмінің сценарийін жазған Мұстафа Карадениз үздік атанды. Ал, «Біз осында тұрамыз» номинациясында еліміздің үздік режиссері Болат Қалымбетов марапатталды. Оған Қазақстан кинематографистер одағы тағайындаған «Құлагер» сыйлығы табыс етілді.
Болат Қалымбетов, режиссер:
Бүгін міне, Шәкен ағамыздың атындағы үлкен фестивальдің жабылу салтанатында тұрмыз. Жүлделер беріліп жатыр. Соның ішінде мен де үздік режиссура номинациясы бойынша жүлдені жеңіп алдым.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.