Басты Жаңалықтар Astana IT University MIT IDSS-пен серіктестік орнатты

Astana IT University MIT IDSS-пен серіктестік орнатты

Astana IT университеті жасанды интеллект пен деректер ғылымы бағытындағы білімді дамыту мақсатында Массачусетс технологиялық институтының Деректер, жүйелер және қоғам институтына (MIT IDSS) қосылды. Бұл – аталған институттың Еуразия кеңістігіндегі алғашқы серіктестігі. Тараптар арасындағы келіссөздер 2025 жылдың күзінде басталып, нәтижесінде университет IDSS Strategic Partnership in Education бағдарламасына енді. Жоба оқу үдерісіне озық тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ оқу орнының халықаралық академиялық байланысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бастама Қазақстанда жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асуда. Бұл қадам елдің технологиялық көшбасшылыққа ұмтылысын нақтылай түсіп, отандық мамандарды әлемдік деңгейдегі біліммен ұштастыруға жол ашады.

Альтаир Ахметов, Astana IT University ректоры:

Бұл әлемдегі ең озық университеттің біздің академиялық деңгейімізді ресми мойындауы. Біз халықаралық стандарттар бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосамыз. Студенттеріміз әлемдік деңгейдегі озық білім мен технологияларға тікелей қол жеткізетін болады.


Бөлісу