Басты Жаңалықтар Жастар табиғатты қорғаудың тың тәсілдерін паш етті

Жастар табиғатты қорғаудың тың тәсілдерін паш етті

Жамбылдық жастар экологияны өлең арқылы сақтауға шақырды. Тұрар Рысқұлов ауданының тау бөктеріне жиналған педагогтар, студенттер мен оқушылар қоршаған ортаны қорғауға қатысты форум өткізіп, бес бағыт бойынша жоспар бекітті.

Оның бірінші бағыты табиғатты өнер арқылы дәріптеп, өлең арқылы насихаттау. Яғни енді өңірде экологияны сақтау бойынша суреттер салып, поэзиялық шығармалар жазуға басымдық беріледі. Заманауи STEM жобалар да жасап, қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастырмақ. Сонымен қатар табиғат аясына шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жиналғандар бүгін осы бағыттар бойынша байқау өткізіп те үлгерді. Олар өз жұмыстарын таныстырып, тың ойларын паш етті.  Енді экологиялық эстафетаға айналған форум ары қарай Шу ауданында жалғаспақ.

Айбибі Жанат, оқушы:

Су тапшылығы, энергия көздерінің жетіспеушілігі қазіргі таңда экологиядағы басты мәселе болып отыр. Оны шешуде қазір бірнеше жағдайлар қарастырылған. Ол адамдардың су көздері мен энергия көздерін үнемдеуі. Яғни суды орнымен пайдалану. Бір реттік ыдыстарды, пластикалық ыдыстарды пайдаланудан толығымен бас тарту. Оның орнына бірнеше рет пайдалануға жарамды дүниелерді қолға алу.

Жастар арасында экосағат өтті

Ұлытау облысы Жезақазған қаласында «Қоршаған ортаға қамқорлық – ортақ парыз» тақырыбында экосағат өтті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен шараға ерікті жастар мен колледж студенттері қатысты. Олар экологиялық мәселелерді талқылап, түрлі зияткерлік тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар «Қоқысты азайту, сұрыптау және қайта өңдеу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Бөлісу