Ғалым: Қожа Ахмет Ясауи ілімін терең зерделеу қажет
Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи өз ілімінің бастауын ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарынан алады. Оны ислам дінінің қағидаларымен үйлестіріп, біртұтас ілімге айналдырған. Ясауидің «Диуани хикметі» мен рухани мұрасын терең зерттеу – қазақ руханияты мен түркі әлемі үшін мәңгілік маңызды мәселе. Отандық ғалымдар бүгінгі күні жан-жаққа тарап кеткен Ясауи мұрасын жинақтап, хикметтерін зерттеу, мазмұндық және мәндік талдау жүргізуге аса мән беру керек дейді. Сондай-ақ оның ілімін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру үшін хикметтерін мектеп бағдарламасына енгізіп, жоғару оқу орындарында да оқыту керек деген ұсыныс айтты.
Мәди Беспаев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ аға оқытушысы, дінтанушы:
Қожа Ахмет Ясауи шығармаларының біздің қолымызда нақты түпнұсқалары жоқ. Өйткені көбінесе Қожа Ахмет Ясауи шығармалары, әсіресе «Диуани хикметі» көбінесе атадан балаға ауызша жетіп отырған. Бірінші кезекте, менің ұсыныс ретінде айтатыным, оны оқыту керек. Барлық жоғару оқу орындарында «Ясауитану» деген пәнді енгізсек, оған қызығушылық артады. Ол жан-жақты терең зерттеледі деп ойлаймын.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12