Орталық Азияға астық экспорты 48 пайызға артты
Қазақстан Орталық Азияға астық тасымалын едәуір арттырды. Жылдың алғашқы үш айында ел бойынша барлығы 4 миллион 100 мың тонна астық тасымалданған. Бұл былтырмен салыстырғанда 15 пайыз көп. Өсім негізінен экспорт есебінен байқалады. Шетелге 3 миллион 200 мың тонна дәнді дақыл жөнелтілген. Ал ішкі тасымал көлемі 900 мың тонна. Ең жоғары өсім Орталық Азия бағытында 48 пайыз артып, 2 миллион тоннадан асқан. Соның ішінде Өзбекстанға 1,5 миллион тонна астық жіберілген. Ресейге 512 мың, ал Ауғанстанға 302 мың тонна экспортталған. Сонымен қатар Қытайға жөнелтілетін ұн көлемі екі есе артып, 1 миллион тонна болды. Жалпы, бұл көрсеткіш Қазақстан астығына сыртқы нарықта сұраныс жоғары екенін көрсетеді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17