Қызылордада М. Дулатұлының «Жас Алаш» драмасы сахналанды
Ал, Қызылордада Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Жас Алаш. Шындық шырағы» атты тарихи драма сахналанды. Жастар театрының премьерасында ұлт азаттығы жолында күрескен Алаш арыстарының қилы тағдыры көрсетілді.
Отаршыл билікке қарсы шығып, қазақ халқының егемендігін аңсаған тұлғалардың саяси майдандағы күресін сахна төрінде көрерменге жеткізу үлкен еңбек. Жастар театры тарихи драманы жаңғыртып қана қоймай, ұлт зиялыларының өмір жолын шынайы деректермен суреттеді. Қойылым көпшіліктің рухын көтеріп, ерекше әсер қалдырды.
Жанат Сатыбалдиева, М. Дулатовтың жиені:
Біздің әулетімізге, тарихқа негізделген туынды. Осы спектакльді келіп, тамашалағаныма өте қуаныштымын. Анамыз кезінде Қызылордада тұрған. Атамыздың да бұл қалада қолтаңбасы қалды. Жас актерлар керемет ойнап шықты. Сол уақыттағы тарихи оқиғаларға оралғандай әсер алдым. Өнер ұжымына әулетіміздің атынан алғыс айтамын.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02