Заңсыз активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді
Заңсыз активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов твиттер парақшасында жазды. Оның айтуынша, Прокуратура органдары қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқарды.
Осы уақыт аралығында 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндіріліп, оның 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түскен. Нәтижесінде 375 млрд теңгеге 207 су құбыры, 177 медициналық мекеме, 14 білім беру және спорт нысанының құрылысы басталды. Олигополия субъектілерімен келісімдер жасалып, олар елге 5,2 трлн теңге инвестиция салу жөнінде міндеттемелер қабылдады. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02