Өскеменде оқу әдістемесіне жасанды интеллект енгізіліп жатыр
Өскемендегі техникалық университет оқу бағдарламасына біртіндеп жасанды интеллект әдістемесін енгізіп жатыр. Бұған дайін студенттер цифрлық технологияға құрылған АІ SANA бағдарламасының курсынан толық өткен. Оған қоса осы инновациялық платформа көмегімен жасанды жад негізінде бірқатар жобаны іске қосты.
«АІ SANA» бағдарламасын жоғарғы оқу орындары біртіндеп енгізіп жатыр. Бұл жоба зерттеу және қолданбалы тәсілдерді интеграциялайды.Яғни білім беру саласында жасанды интеллект жүйесін үздіксіз қалыптастыруға бағытталған.Қазірдің өзінде студенттер ғылыми жобаларды жасанды интеллектіге сүйеніп жазады.
Дэвид Брозиневский, магистр:
Бұл орталық ашылғалы бері біз бірқатар жобаларды қолға алдық. Соның бірі — өздігінен қозғалатын робот. Оған арналған арнайы бағдарламаны да өзіміз әзірледік. Қазір жасанды интеллектінің көмегімен сол роботты жетілдіріп жатырмыз. Бұл роботты түрлі мақсатта қолдануға болады.
«AI-Sana» бұл тек білім берудің бастамасы ғана емес, кадр даярлауға бағытталған іргелі әрі жүйелі әдіс. Сондықтан цифрлы технологияға кезең-кезеңмен өту арқылы нақты нәтижеге қол жетеді.
Зарина Төлеубекқызы, Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің директоры:
Бұл орталықтың құрылуы — ғылыми жобаларымызды жүзеге асыруға үлкен серпін береді. Қазір бізде он бестен астам ғылыми жоба бар, олардың әрқайсында жасанды интеллектінің түрлі компоненттері мен құрылғылары қолданылады.
Жасанды интеллект игілігін университет оқу үрдісінде қолдану арқылы, өңірдегі өндірістерге де бағдарлама жасап беруді жоспарлап отыр.Қазір әрбір ғылми жобаға жазылғанда жасанды инттеллектіге жүгінеді.
Ұлан Несіпқалиев, Д. Серікбаев атындағы техникалық университетінің проректоры:
Біздің өңір өндірісті аймақ болғандықтан, орталығымыз жасанды интеллектіні өндірісте қолдану тетіктерін зерттеп, оны енгізу бағытында жұмыс жүргізеді. Алғашқы ғылыми зерттеулер басталып та кетті. Бұл жұмыстар өндірістегі қауіпсіздікті жасанды интеллект арқылы қамтамасыз етуге бағытталған.
«AI-Sana» орталығыныдағы жас ғалымдар тағы бір бағдарлама жазып
шықты. Ол арқылы оқытушылар
студенттердің орындаған жұмыстарын тез тексеріп, бағалай алады. Яғни шәкірттің
диплом, курстық жұмыстарының қателіктерін тауып немесе түпнұсқа әлде көшірме
екендігін автоматты түрде анықтайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
