Басты Жаңалықтар Шерхан Қалмұрза Еуропаны таңқалдырды

Шерхан Қалмұрза Еуропаны таңқалдырды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза лиссабондық «Спортингпен» өткен ойынның жұлдызына айналды.

Қайраттың 4:1 есебімен жеңілгеніне қарамастан, 18 жастағы спортшы португалдардың сүйіспеншілігіне бөленді. Айта кету керек Шерхан клубтық футболдың шыңы саналатын Чемпиондар Лигасында дебюттік ойынын өткізді. Өйткені Қайраттың негізгі қақпашылары бұған дейін жарақат алған еді. Соған қарамастан қазақстандық қақпашы матчың 19 минутында 11 метрлік айып добын қайтарып, алаңда өзінің нағыз кәсіпқой әрі болашығынан зор үміт күттіретін ойыншы екенін дәлелдеді. Шерханның бұл ерлігі шетелдік БАҚ назарына ілікті.

Мәселен Португалияның A Bola және Bola na Rede басылымы Шерханның сейвін мадақтап, оның суыққандылығын жазды. Reuters оны Дания құрамасы футболшысының соққысына төтеп бергенін жазса, Associated Press қазақстандық қақпашыны Чемпиондар лигасында пенальти тосқан ең жас ойыншылардың бірі деп көрсеткен. Тіпті Чемпиондар Лигасының ресми инстаграм парақшасы Шерхан Қалмұрзаны үздіктер қатарына енгізді. Ал жалпы ойынға келсек Қайрат Спортингтен 4:1 есебімен жеңілді. Алматылық клуб келесі матчын 30 қыркүйек күні өз алаңында испаниялық «Реал Мадридке» қарсы өткізеді.


Бөлісу