Басты Жаңалықтар Трамп АҚШ әскерін Ауғанстанға қайтарғысы келетінін мәлімдеді

Трамп АҚШ әскерін Ауғанстанға қайтарғысы келетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка әскерінің Ауғанстанға оралғанын қалайды. Мақсаты – әйгілі Баграм әуе базасын Пентагонның бақылауына қайтару.

Мұны Құрама Штаттар лидері британ премьер-министрі Кир Стармермен өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Айта кетсек, бір кездері Кеңес одағы салған Баграм авиабазасына америкалық әскерлер 2001 жылы қыркүйектің 11-дегі терактіден кейін орналасып, оны 2021 жылы тәліптер билікке келгенге дейін пайдаланды. Трамптың сөзінше, бұл базаның АҚШ үшін Қытайға қарсы тұру мәселесінде стратегиялық маңызы зор.

Трамптың контингентті ауғанға қайтару әрекетіне қатысты Қытай сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Олар Ауғанстанның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын құрметтейтінін ескертті. Кабул болса, Вашингтонмен қандайда бір келісім жасауға дайын еместігін хабарлап отыр.


Бөлісу