Қостанай облысында алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды
Қостанай облысында интернет-алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды. 18 жастағы азаматтың үйін тінту кезінде 21 телефон мен 48 SIM-карта табылды. Дропперлер жаңа SIM-карталарды алаяқтарға жеткізіп келген. Ал олар жаңа нөмірлер арқылы жалған аккаунттар ашып, азаматтардың ақшасын айламен алып отырған. Тергеу барысында тағы 15 жасөспірімнің заңсыз әрекеттерге тартылғаны белгілі болды. Шығынның жалпы көлемі 80 млн теңге. Дропперлерге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата-анасы да жауапқа тартылады.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21