Ақтауда «Мейірімді түркі әлемі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
Ақтауда түркі елдері балаларының шығармашылық фестивалі өтуде.
«Мейірімді түркі әлемі» деп аталатын
халықаралық шара «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында алғаш
рет ұйымдастырылған. Оған Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан
денсаулығында ақауы бар 5 жастан 25 жасқа дейінгі балалар мен жастар қатысуда.
50-ден астам өнерлі өрен ән айтып, би билеп, өлең оқып, түрлі музыкалық аспапта
ойнап, көрерменнің көзайымына айналды.
Севил Мамедова,
Әзербайжандық биші:
Ақтауға алғаш келуім. ТҮРКСОЙ ұйымынан шақыру алып, ойланбастан жетекшім екеуміз жолға шықтық. Фестивальде ұлттық биімізді тарту етемін. Осындай шаралар ерекше қажеттілігі бар балаларды бақытты етеді.
Қарлығаш Әлмұхамбетова, шараны ұйымдастырушы:
Бүкіл қатысушылар бұл ерекше қажеттілігі бар жастар мен балалар және мүгедектігі бар балалар. Негізі қоғамда біздің балаларды мүмкіндігі шектеулі балалар деп атайды. Бірақ мен сондай сөздерге өте қарсымын. Біздің балаларымызда ешқандай шектеу жоқ. Біздің балалардың шығармашылығы шектеусіз, олар ән айтады, билейді, көркем сөз оқиды.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32