Басты Жаңалықтар Цифрландыру арқылы апаттың алдын алуға болады

Цифрландыру арқылы апаттың алдын алуға болады

Цифрландырудың арқасында төтенше жағдайлар қызметі оңтайланып келеді. Бүгінде өртті дер кезінде анықтап, қауіптің алдын алу үшін космомониторниг пен дрондар кеңінен қолданылады. Биыл Қостанай облысында 7 дала өрті анықталса, жаңа технологияның көмегімен қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап, шығын көлемін азайтуға мүмкіндік туды.

Айдана Манатқызы, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

Төтенше жағдайлар департаментінде қазіргі уақытта 9 дрон бар. Барлығы тепловизормен жабдықталған. Дрондар өрт ошақтарын нақты анықтауға, түтін қою кезде адамдарды іздеуге мүмкіндік береді. Жалпы заманауи технологияларды қолдану адамдардың қауіпсіздігін қаматамсыз етудің маңызды қадамдарының бірі.  
 

Бөлісу