Басты Жаңалықтар Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші

Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші

Қазақстанда жасанды интеллект пен ғылымды дамыту мақсатында суперкомпьютерлерді қолдану ауқымы кеңейіп келеді. Бұл – еліміздің цифрлық егемендікке жасаған маңызды қадамы. Ал осы қуатты құрылғылар бізге қашан келе бастады? Олар не үшін қажет? Ернұр Медет зерттеп көрді.

Ернұр Медет, тілші:

Суперкомпьютердің күшін қарпайым мысалмен түсіндіріп көрсек. Ол 30 секундта мыңдаған фильмді  қарап, әрқайсысының мазмұнын айтып бере алады. Бір киноның орташа ұзақтығы 2 сағат.  Ал, егер адам  ұйқтамай, ештеңемен айналыспай тәулік бойы тоқтамай көрсем десе 83 күн керек екен. Осыдан-ақ  құрылғының зерттеу жүргізуде қаншалық тиімді әрі жылдам екенін түсінуге болады.

Биыл шілде де Мемлекет басшысы  Alem.cloud ұлттық суперкомпьютер орталығын іске қосты. Бұл – Орталық Азиядағы ең мықты есептеу кешені. Әдетте мұндай техника түрін ғарышты зерттеу, жасанды интеллектіні дамыту сияқты жұмыстарда қолданады.

Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Жаңа жүйені нейрожелімен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер тегін пайдалананады.  Тәжірибелі отандық IT компаниялар 50 пайыздық жеңілдікпен, ал шетелдік тұтынушылар нарықтық бағамен қолдана алады. Бұл цифрлық саланың дамуына сеп болатыны анық.

Қазақстанға суперкомпьютерлер 2010-жылы келді.  Бүгінде олардың саны 7. Негізгілері Сәтбаев, Назарбаев және Еуразия университеттерінің қабырғасында. Сондай-ақ Әл-Фарбимен Қазақстан-Британ техникалық оқу ордаларында бар. Суперкомпьютердің игілігін көріп жүргендердің бірі ғалым Айнұр Жұмадиллаева. Ол қаланың инфрақұрылымына қатысты жоба жасап жатыр.

Айнұр Жұмаділлаева, ЕҰУ АТФ деканының ғылыми істер жөніндегі орынбасары:

Көшеде автомобильдердің камералары бар, видеорегистраторлары. Сол арқылы күнделікті видеодеректерді де алып әр түрлі мәселелерге зерттеу жасауға болады.  03:50 Машиналық оқыту алгоритьміне салып адамның көмегінсіз біздің жасап жатқан жүйелер мында шам жанбай тұр, мына жерде халық көп жиналған автобус бекттері аз деген сияқты есептерді шешуге көп септігін тигізеді.

Жақында отандық компания өзімізде құрастырылған суперкомпьютерді таныстырды. Неуробокс. Бұл тың жаңалық, ғылым саласына серпіліс. Оның ішінде шамамен 8 жасанды интеллект бар.Баршаға белгілі ChatGPT, Gemini, Gemma, DeepSeek және тағы басқалары.

Ернұр Медет, тілші:

Ұзындығы да,  ені де небәрі 45 сантиметр ғана.Салмағы 15 келіге жуықтайды. Сырт көзге қарапайым бір төртбұрыш қара  жәшік  сияқты. Бірақ оның ішіне тұтас зертхананың жұмысын атқаратын арнайы жүйе енгізілген. Кез- келген салада пайдалануға болады. Ең басты ерекшелігі құрылғыны қолдану үшін  интернет қажет емес.

Төлеген Омарбеков,  «Neurobox» компаниясының құрылтайшысы:

Тиімділігі де сол. Интернетсіз қолжетімді дегеніміз ақпараттық қауіпсіз деген сөз. Мұнда енгізілген барлық дерек қатаң сақталады. Мсыалы сіз қазір қолданып жүрген чат жпти сынды жүйелерде  барлық мәлімет сыртқа кетіп жатыр.

Бұл алапат техниканың мемлекеттік қызметкерлерге, компаниялар мен корпорацияларға пайдасы орасан. Тіпті кез келген видеоны, көшедегі мәселен жол-көлік оқиғасын жүктесеңіз, бірер секундта хаттама әзірлеп, әрі қарай не істеу керегін көрсетеді. Сондықтан кез-келген салада көмегі тиеді.

Саясат Нұрбақытбек, ҚР ЦДИАӨМ жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің бас сарапшысы:

Қазіргі таңда бізде демо нұсқалар әзірленді. Бұны атап өтетін болсақ е-өтініш, егов бот сияқты жасанды интеллектпен интеграцияланған жобалар әзірленді. Алдағы уақытта сол платформаларды жүзеге асыру, яғни толыққанды іске қосу жоспарлануда.

Түсінгенімздей суперкомпьютер - ғылым, өндіріс, білім мен мемлекеттік басқаруда серпіліс жасайтын құрал. Жаһанда жасанды интеллект жүйесі қарыштап дамыған заманда қажетті техника.


 


 


 


Бөлісу