Қарағанды облысындағы Нұра өзені жағасын тазалады
Бүгін әлемде Жер күні аталып өтуде. 90 жылдардан бері халықаралық дәрежеде ұлықталып келе жатқан айтулы күн Қарағанды облысында да тойлануда. Қарағанды облысының Ботақара кентінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Шараға 100-ге жуық табиғат жанашыры ат салысып, Нұра өзенінің жағасындағы тұрмыстық қалдықтарды жинады. Қоқысты дұрыс сұрыптап, қапты бірінші толтырғандарға сыйлықтар берілді. Акцияның басты мақсаты - табиғатты аялау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Жаз бойы облыс төңірегіндегі өзен-көлдердің жағалауы бірнеше рет тазартылады. Облыс көлемінде 179 сулы аумақ болса, соның 104-і жеке шаруашылықтардың қарауында. Меншік иелері де тазалыққа мән беруі тиіс, дейді экобелсенділер.
Ернат Әбутаев, Бұқар жырау ауданы
жастар ресурстық орталығының директоры:
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастар арасында кішкене де болса да, стартап ретінде конкурстық бағытта ұйымдастырылды. Менің ойымша, мұны жиі жасап тұру керек. Әсіресе жастар арасында. Себебі олар әрмен қарай мұны дамыта түседі деген ойдамыз.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10
Нью-Йорктің қақ ортасында Қазақстанның туы көтерілді
23.10.2026, 10:09
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
23.10.2026, 10:00
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30