Басты Жаңалықтар Әл-Фараби мұрасы – жаһандану дәуіріндегі рухани бағдар

Әл-Фараби мұрасы – жаһандану дәуіріндегі рухани бағдар

Жаһандану дәуірінде Әл-Фараби мұрасы ерекше өзектілікке ие. Ол адамзатқа ортақ ғылымды дамытып, білім мен парасаттың шекарасыз екенін дәлелдеді. Фарабитанушы ғалым Жақыпбек Алтаев осылай дейді. Айтуынша, ғалымның еңбектерінде ғылым мен адамгершілік, тәрбие мен ізгілік өзара тығыз байланыста. Әл-Фараби өз заманында ғылымның түрлі салаларын жүйелеп, адамзат өркениетіне бағыт-бағдар беретін өзіндік сара жол қалыптастырды деп отыр. Оның «қайырымды қоғам» идеясы бүгінгі күнде де маңызын жоғалтпай, әділетті, білімді, саналы қоғам құрудың негізі ретінде қарастырылып келеді. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында кеңінен қолданылып жатыр.  Оның мұрасы жастарды әділдікке, жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рухани тірекке айналып отыр, - дейді Жақыпбек Алтаев.

Жақыпбек Алтаев, философия ғылымдарының докторы, профессор:
Фарабидің пікірінше, парасат пен ақыл шындығында адамның бойындағы ең үлкен қасиеттерінің бірі. Қазір көптеген мемлекеттерде Фарабидің айтқан ақылды қала туралы, жалпы мемлекет туралы ойлары, шындығында іске асып жатқанына біздің көзіміз жетіп отыр. Фарабиді бренд ретінде жоғары деңгейге көтеруіміз керек. Себебі ол әлемдегі ең тұңғыш бүткіл ғылымды жүйелі түрде дамытқан ғалымдардың бірі.


Бөлісу