Басты Жаңалықтар Ұлттық тауарлар каталогына 24 млн тауар енгізілді

Ұлттық тауарлар каталогына 24 млн тауар енгізілді

Ұлттық тауар каталогын енгізу бойынша жүргізілген пилоттық жоба сәтті аяқталып, енді 1 шілдеге дейін сауда саласындағы барлық дестрибьюторлар тауарларды тіркеуі тиіс. Жүйеге 41 мыңға жуық сауда субъектісі қосылады. Өнімді жеткізушілер 24 млн тауарды каталогқа енгізді.  Бұл туралы сауда министрлігі мәлімдеді. Айтуларынша, бизнес өкілдерімен 100-ге жуық кездесу өткізіп, жаңа жобаны түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ұлттық тауар каталогын енгізу дүкен иелері тарапынан қосымша шығынды қажет етпейді, ал тұтынушы үшін пайдасы көп. Мәселен, әр тауардың атауы, өндірушісі, шыққан елі, құрамы, өлшем бірлігі, санаты, салықтық мәліметтері бәрі де NTIN-код арқылы көрсетіледі. Бұл шаралар көлеңкелі экономиканы азайтып, контрабандалық жолмен келген өнімдерді шектейді. Жалған бренд, сапасыз көшірмелерді анықтау оңай болады.

Әсет Өтеғалиев, СИМ тауарларды таңбалау және цифрлық трансформациялау департаменті директорының орынбасары:
Барлық магазиндерге, дүкендерге мәселе туындай бермейді, себебі тауарды бір рет енгізгеннен кейін, келесі магазин немесе дистрибьютерға оны енгізіп қажет емес. Бір рет енгізген соң, барлық сауда өкілдері оны қолдана алады. Сол себепті өзіміздің жоспарымыз бойынша тауарлардың барлығын бір рет енгізіп алу керек. Содан кейін ешкімде ешқандай мәселе туындамайды.


Бөлісу