Жол жиегін қоршауға ₸2 млрд бөлінді
Биыл өңірлердегі 11 мың шақырымнан асатын автомобиль жолын жөндеу жоспары бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алды. Қазір Президент тапсырмасы негізінде транзитті автожолдарды салу мен қайта жаңғырту ісі қызу жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес 5 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтеді. Сонымен қатар 4 мың шақырым тас жолдың бойында жергілікті маңызы бар жол желісін дамыту жобалары жүзеге асырылады. Бұл бағытта Жамбыл облысында да біраз шаруа қолға алынды. Өңірде 4 жоба бойынша 84 шақырым автожолға орташа, ал 70 шақырымға жуық автожолға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. «ҚазАвтоЖол» тарапы қыстың қамына қазірден кірісіп, жол жиегіне қоршау да қоя бастады.
Дәурен Әміренов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының
орынбасары:
Қыстыңкүні қардың жолды жауып қалуын тоқтататын қоршауды қоюға мемлекет тарапынан 2 млрд теңге бөлінді. Жалпы ұзындығы 27 шақырымды құрайды. Жуалы ауданында 12-і, ал Қордай ауданында 15 шақырымға дейін созылады. Былтыр мамыр айында басталған жұмысты биыл тамызда толық аяқтаймыз. Өткен жылғы жұмыс нәтижелі болды, өйткені қыста жолды қар жауып қалу дерегі мүлде тіркелмеді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16