Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция дербестікті нығайта түсті

Жаңа Конституция дербестікті нығайта түсті

Қазақстан әрдайым ұлттық мүддені, мемлкеттік суверенитетті берік қорғайды. Жуырда қабылданған жаңа Конституция мемлекеттің бұл бағыттағы позициясын нығайта түсті. Сарапшылар осылай дейді. Тәуелсіздік пен егемендік  негізі Ата заңда қалай жазылды? Тілші толықтырады. 

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, оның біртұтастығына қол сұғылмайды. Жуырда қабылданған Ата заңда бұл қағидалар шегелеп жазылған.
Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты:
Жалпы суверенитет деген сөздің өзіне мән беретін болсақ, бұл жерде шекарамыздың бөлінбейтіндігі, жеріміздің біртұтастығы көрсетіледі. Сонымен қатар биліктің бөлінбейтіндігі, дербестігі, ешкімге тәуелсіздігі. Осы белгілердің барлығы бірге келіп, суверенитетті айқындайды.
Қазақстан халықаралық аренада өз ұстанымын батыл білдіретін, ұлттық мүддені басты орынға қоятын мемлекет ретінде қалыптасып келеді. Жаңа Конституция дербестігімізді, егемендігімізді нығайта түсті, дейді саясаттанушылар.
Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:
Бір ғана мысал келтірейін. Біздің Ата заңымыз халықаралық заңдардан жоғары. Өйткені егер халықаралық құқық нормалары біздің ішкі конституциялық заңымызға сәйкес келмейтін болса, біз оған басымдық бермейміз.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан бұрынғы көпвекторлы саясатты сақтай отырып, жаңа деңгейге – «субъектілік көпвекторлыққа» өтті. Яғни қазіргі геосаяси жағдайда ешбір күшке тәуелді болмай, керісінше белсенді субъект ретінде, орта держава деңгейінде саясат жүргізе бастадық.
Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:
Суверендік дегеніміз мысалы әлем де қазір 190 нан астам тәуелсіз мемлекет бар. Бірақ оның барлығы суверенді шешім қабылдайды деп айта алмаймыз. 25 жылы С5+ форматы аясында АҚШ та «Авраам»  келісімдеріне қол қойды. Оған да көптеген сын айтылып жатыр. «Авраам» келісімдеріне Қытай, Бейжің қатты қырағы қарап отыр. Бірақ біз өзіміз шешеміз. Бізге ол қажет болса, біз оған қатыса аламыз.
Егемендік – тек декларация емес, нақты әрекет пен дербес шешімдер арқылы дәлелденетін құндылық. Қазақстан осы жолда өз бағытын айқындап, сенімді түрде алға жылжып келеді.


Бөлісу