Басты Жаңалықтар М.Шахановты Түркістан облысында ақтық сапарға шығарып салды

М.Шахановты Түркістан облысында ақтық сапарға шығарып салды

Ақын, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шаханов туған жері Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінің маңындағы ауылға  жерленді. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған шайырмен қоштасу рәсімі Жаңа шілік ауылында өтті. Еліміздің әр аймағынан жиналған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар оқырмандар ақынды мәңгілік мекеніне шығарып салды.  Ақынға өз аманаты бойынша туған жердің топырағы бұйырып, жаназасы оқылды.

Құлбек Ергөбек, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Оның өлеңінде болсын, өмірінде болсын, тек халқымыздың қуанышы мен қайғы қасіреті бәрі де аса биік өреде айтылып, аса биік өреде жырланды. Сондықтан да ол біздің қазақ әдебиетінің тарихында азаматтық поэзияның ұлы өкілі болып қалады.
Ол саналы ғұмырын ел руханиятына, тіл мен дәстүрді ұлықтауға арнады. Қазақ поэзиясын биік деңгейге көтерді. Оның жырлары мен әндері, драмалық туындылары халық жүрегінен орын алды. Туған жерге, махаббат пен адалдыққа үндеген еңбектері мәңгілік құндылыққа айналды. Ол тек әдебиетте емес, қоғам өмірінде де батыл үн қаттыБүгін ақынның соңғы аманаты орындалып, Отырар топырағында жер қойнына тапсырылды.
Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты:
Көзінің тірісінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, даңқтың барлық биігіне көтерілген ақын ол жалғыз Мұхтар Шаханұлы ғана. Яғни Мұқаң батыр болу керек екенін, батыр ақын болу керек екенін дәлелдеген қазақта ер Махамбеттен кейін айқын дәлелдеген осы Мұқаң. Туған жердің төсінде жаны жәннаттан жай тауып, пейігште рухы шалқи берсін дейміз.


Бөлісу