Басты Жаңалықтар Түркістанда «Таза Қазақстан» аллеясы ашылды

Түркістанда «Таза Қазақстан» аллеясы ашылды

Түркістанда «Ерлік пен бірлік – заң мен тәртіптің тірегі» атты тағылымды экоакция өтіп, «Таза Қазақстан» аллеясы ашылды. Айтулы шараны өңірдің Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен облыс әкімдігі Қазақстан халқының бірлігі күні және Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырды. Оған мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері мен жастар, түрлі этнос өкілдері, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. «Таза Қазақстан» аллеясына қазақ халқының көрнекті батырлары мен тарихи тұлғалары дүниеге келген өңірлерден жеткізілген көшеттер егілді. Әрбір ағашқа сол тұлғалардың есімі беріліп, экологиялық мәдениет пен тарихи жадыны ұштастырған ерекше символға айналды. Бұл жоба табиғатты қорғау ғана емес, елді ортақ құндылықтар төңірегінде топтастыратын маңызды идеологиялық алаң іспеттес болды. Акция тек ағаш отырғызумен шектелмей, қоғам санасына терең мән сіңіретін, елдік құндылықтарды дәріптейтін тағылымды шараға ұласты.

Мәлік Отарбаев, Президент кеңесшісі:
Президентіміз мұны біздің идеологиямыздың негізгі іргесі осы «Таза Қазақстаннан» басталу керек деп отыр. Ал «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарлдамасы, тазалықты сақтайтын тетіктері болады. Ол ең бірінші – «Заң мен Тәртіп». Ол ең бірінші біздің ынтымақ пен бірлігіміз. Ол ең бірінші жалпы тарихтан келе жатқан ұлттық құндылықтарға деген құрмет.


Бөлісу