Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
Жастар мен әйелдердің рөлін күшейту, жерді аялауға шақыру. Қазақстан діндер лидерлерінің съезінде бүкіл әлемге үндеу жасады. Екі күнге жалғасқан жиынға осылай баға берген діни және дәстүрлі бітімгерлер желісінің хатшылық директоры Мохаммед Эльсаноусимен Ұлттық арна тілшісі Темірлан Нұржанұлы сұхбаттасқан еді. Бірге тыңдайық.
Мохаммед Эльсаноуси, Діни және дәстүрлі бітімгерлер желісінің хатшылық директоры:
Қазақстан ұйымдастырған ең сәтті бас қосудың бірі болды деп санаймын. Әлемде түрлі қиындықтар болып жатқан кезде бұл жиын диалог пен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін алаң ұсынды. Қазақстан діни көшбасшыларды, дәстүрлі қауым өкілдерін және саясаткерлерді біріктіріп диалог жолын іздеуге жағдай жасады. Жиында түрлі мәселелерді шешуге шақырды, бүкіл әлем қауымдастықтарын бейбітшілікті орнатуға белсенді қатысуға үндеді. Жастар мен әйелдердің рөлін күшейтуге, жерді аялауға шақырды.
Қазақстан Президенті 2028 жылы Съезд өтетінін жариялады. Бұл – диалогты үздіксіз жалғастыруға жасалған маңызды қадам.Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген, әртүрлі этностар мен діндердің өкілдерін көрдік. Тіпті қақтығыстар жүріп жатқан елдердің өкілдері де Астанада бас қосып, ашық диалог жүргізді. Бұл – шынында да тамаша.
Қазақстан тек өз халқына емес, әлемге үндеу жасап отыр. Өзара диалогқа, төзімділікке мүмкіндік беріп, бейбіт өмір сүрейік деді. Соңғы екі күнде мен Алматы мен Шымкентке барып, жергілікті халықпен, діни көшбасшылармен, дәстүрлі қауым өкілдерімен кездестім. Осындай диалог алаңдарының ел үшін маңызды екенін айқын көруге болады. Бұл Қазақстанды басқа мемлекеттер үлгі ала алатын деңгейге көтереді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ербол Хамитовтың ата-анасы жанкүйерлерге алғыс айтты
11.03.2026, 10:22
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
11.03.2026, 10:18
«Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты»
11.03.2026, 10:17
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
11.03.2026, 10:16
Бүкіләлемдік энергетикалық саммитте Қазақстанның ұстанымы айтылды
11.03.2026, 10:14
ХЭА резервтен ондаған млн баррель мұнай шығаруды ұсынды
11.03.2026, 10:13
Соғыс басталғалы Иранда 1300-ден астам адам қаза тапты
11.03.2026, 10:12
Президент БАӘ аумағына жасалған шабуылды айыптады
11.03.2026, 10:10