Жаңа салықтық рулинг тәжірибесі енгізілуі мүмкін
Қазақстанда жаңа салықтық рулинг тәжірибесі енгізілуі мүмкін. Бүгін Мәжілісте Қазақстан халық партиясының бастамасымен халықаралық тәжірибені енгізу мәселесі талқыланды. Сарапшылардың сөзінше, экономикасы дамыған озық елдер салық рулингін қолданады. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Нидерланды, Канада, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттер. Олардың Doing Business-тегі рейтингісі де жоғары дейді, мамандар. Бұл жүйе әкімшілік кедергілерді азайтады. Салық төлеуші өз міндетін нақты біледі. Сот жүктемесін азайтуға да мүмкіндік береді. Мемлекет үшін инвестицияны арттыруға жол ашуы тиіс.
Ислам Сұңқар, ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мемлекет басшысы салықтық әкімшілендіруді сервистік модельге көшіруді тапсырды. Менің ойымша, салықтық рулинг осы тәсілді енгізуге мүмкіндік береді. Оның негізгі мақсаты – кәсіпкерлер мен салық төлеушілерге алдын ала олардың құқықтары мен жалпы жұмыс тәртібі жөнінде түсініктеме беру.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09