Францияда қатаң үнемдеу саясатына қарсы жалпыұлттық ереуіл басталды
Францияда үкіметтің қатаң үнемдеу саясатына қарсы жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр. Елдің ірі кәсіподақтары ұйымдастырған наразылық шарасына білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік және басқа да сала қызметкерлері қатысты. Париж бен оның төңірегінде метро, автобус, пойыз рейстері жаппай тоқтаған. Полиция белсенділерге қарсы көзді жасаурататын газ қолданды. Марсель қаласындағы шеру кезінде 22 адам ұсталған. Кешке таман ереуіл ауқымы кеңейіп, оған жүздеген мың адам қосылуы мүмкін. Франциядағы экономикалық ахуал мемлекеттік қарыз деңгейінің жоғары болуынан туындаған. Үкіметтің экономикалық саясатына көңілі толмаған тұрғындар осыдан бір апта бұрын да шеруге шыққан еді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03
Азаматтық кодексті жаңарту – уақыт талабы
05.11.2026, 13:02
Астанаға Хайнаньнан келетін рейс 27 сағатқа кешікті
05.11.2026, 13:00
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05