Басты Жаңалықтар Депозиттерге ешқандай салық салынбайды

Депозиттерге ешқандай салық салынбайды

Банктік депозиттер бойынша алатын сыйақыға салық салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан фэйк хабарламаларға сенбеуге шақырады. Жауапты министрліктің ресми хабарламасында «Салық кодексінің 430-бабы бойынша жеке тұлғалар банктік салымдарға төленетін сыйақы жеке табыс салығынан босатылған. Сондықтан үкіметте мұндай салық енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ» деп жазылған.

Бөлісу