Басты Жаңалықтар Астанаға Хайнаньнан келетін рейс 27 сағатқа кешікті

Астанаға Хайнаньнан келетін рейс 27 сағатқа кешікті

Саньядан Астанаға ұшатын рейс 27 сағатқа кешікті. Қытайдың Хайнань аралындағы елге оралуы тиіс 150-ден астам қазақстандық әуежайда бір тәуліктен астам уақыт күтуге мәжбүр болды. Жолаушылардың арасында 30-ға жуық егде жастағы әйел мен 20 бала бар. Көпшілік кешігу себебіне қатысты нақты ақпарат ала алмағандарын айтып, наразылық білдірді. Ал Air Astana компаниясының мәліметінше, 4 қарашаға жоспарланған KC584 рейсі ұшақтың жасыл гидравликалық жүйесіндегі қысымның төмендеуіне байланысты кейінге шегерілген. Ақаулы бөлшек ауыстырылып, жолаушыларға қонақүй, тамақ және трансфер ұсынылған. Олар бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:07-де Саньядан ұшып шықты. Елордаға 14:45-те жетуі тиіс.

Бөлісу