Басты Жаңалықтар Түркістан облысында жалған құжатпен көмек алғандар әшкереленді

Түркістан облысында жалған құжатпен көмек алғандар әшкереленді

Түркістан облысының прокурорлары жалған құжат жасап, атаулы әлеуметтік көмек алғандарды әшкереледі. Жетісай ауданында аталған көмек түрін тағайындайтын комиссия 18 отбасыға «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген қорытынды бергеніне қарамастан оларға негізсіз 3 млн теңге төлем жүргізілген. Ал Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссия хатшысы мен ауылдық округ әкімінің орынбасары жалған құжаттар рәсімдеген. Яғни екеуі арнайы комиссия мүшелерінің атынан қол қойып, 56 өтініш бойынша жалған қорытынды толтырған. Соның салдарынан мемлекеттің 9 млн 700 мың теңгесі заңсыз берілген. Қазіргі таңда қадағалаушы орган өкілдері қаражатты қайтару мен кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту үшін прокурорлық қадағалау актісін енгізді.


Бөлісу