«QazaqGaz Aimaq» тұтынушылардан ₸196 млн заңсыз төлем алған
Қызылордада «QazaqQaz Aimaq» филиалы тұтынушылардан 196 миллион теңге көлемінде заңсыз төлем алған. Экономикалық қылмысқа қарсы тергеп-тексеру департаменті компанияның 2021-2023 жылдар аралығындағы жұмысын зерделеп, заңсыздықтарды анықтаған.
Компания «Табиғи монополиялар туралы» Заңға қайшы келетін бірнеше қызмет түрі үшін 30 мыңнан астам абоненттен негізсіз төлем алған. Бұл даулы іс сотта қаралып, «QazaqQaz Aimaq» филиалының әрекеті заңсыз деп танылды. Қазіргі таңда тұтынушыларға қаражатын қайтару бойынша шаралар қабылданып, газ таратушы компанияға 19 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03
Азаматтық кодексті жаңарту – уақыт талабы
05.11.2026, 13:02
Астанаға Хайнаньнан келетін рейс 27 сағатқа кешікті
05.11.2026, 13:00
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05