Қызылордада түз тағысы босатылды
Қызылордада қала тұрғыны үйдің ауласынан қыран құс ұстап алды. Иә, тау-таста тіршілік ететін кәдімгі дала сұңқары қаланың шет аумағындағы қыстаққа келіп қонған. Әлсіреген бүркіт балапанын үй иесі күтіп-баптап, бүгінде жыртқыштың қанаты қатайған. Сырдың шөлінде адасқан көк аспанның билеушісін тілшіміз Әділбек Серікұлы көріп келді.
Үй ауласындағы темір торда тұрған қыран құс адамға айбат шегіп, жыртқышқа тән мінез көрсетеді. Бүркіттің балапанын ұстап алған қала тұрғыны Талғат Шаханов бастапқыда Сыр даласында жиі кездесетін қара құс деп ойлапты. Бірақ ғаламтор арқылы түр-сипатын зерттей келе бүркіт екеніне көз жеткізіп отыр.
Талғат Шаханов, Қызылорда тұрғыны:
Қырғилар жан жағынан шабуыл жасапты. Үшеуі. Содан құлап бір кісінің қорасына қонған. Сол жерден барып көріп біз күн батқанша күттік енді. Не де болса жыртқыш құс қой. Сол жерде бір кірпішешенді ұстап алып, жемтік қылды. Содан кейін күн батқанын күтіп, ұстап 20 күндей болды бағып жатқанымызға. Үйреніп те қалды адамға.
Талғаттың бүркіт балапанын күтіп-баптап келе жатқанына екі жетіден асқан.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары бүркіт балапанының тұмсығы мен аяғы сары түс болатынын айтады. Демек темір тордағы қанаттының дала қыраны екеніне еш күмән жоқ. Жыртқыш құс күнделікті 300-400 грамм тек шикі ет жеп қоректенеді.
Нұрсұлтан Аяпов, жануарлар дүниесін қорғау инспекторы:
Хабарлдама бойынша зерттеу барысында аң қыран бүркіт құсы анықталды. Құстың жағдайы жақсы. Қазіргі таңда далалы аймаққа ұшырып жібердік.
Дала қыраны Сыр өңірінде сирек кездесетін жыртқыш құс. Бүркіт балапанының қала аумағына дейін ұшып келуін инспекторлар тылсым құбылысқа балап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
