ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
2025-2029 жылдар аралығында Қазақстанның білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев арнайы бұйрыққа қол қойды. Құжатта орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізудің тұжырымдамалық негіздері бекітілген. Ол мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қамтиды. Мақсат – жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу, цифрлық оқулықтар әзірлеу, оқушылардың жасанды интеллект бағытындағы сауатын қалыптастыру, жобалық қызметті дамыту және педагогтердің біліктілігін Acquire → Deepen → Create криэйт сынды үш деңгейлі модель бойынша арттыру. Бұл Президент жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
