Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
Бүгін Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды. Жиынға 5 мемлекеттен келген тарихшылар мен архив ісі саласының мамандары қатысып жатыр. Мақсат – саланы цифрландыру, халықаралық әріптестікті нығайтып, тәжірибе алмасу. Сондай-ақ, көненің көзіндей болған құнды құжаттарды сақтау және қолжетімділігін қамтамасыз ету. Жиында Қырғыз Республикасы Орталық мемлекеттік архивімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Биылғы басқосу Астана қаласы мемлекеттік архивінің 30 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отыр. Осыған орай арнайы әзірленген әдістемелік жинақтың тұсауы кесілді.
Айта кетейік, форум жұмысы ертең де жалғасады.
Жангелді Бимолдин, Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры:
Қазіргі таңда алға қойған мақсатымыз – құжаттарды цифрлы түрге өткізу. Бұл нені береді? Құжатты физикалық тұрғыда жиі пайдалана бермейміз. Бұл құжаттарды көпжылдық сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Астана қаласы архивінің 20 пайыздан астам құжаты цифрлы түрге өткізілді.
Мамат Момунов, Қырғыз Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры:
Архивті цифрландыру бойынша істер жүріп жатыр. Бірақ толық емес. Біз қазақ туғандардан көп нәрсені алатынға ұқсаймыз. Сіздерде бұл мәселе бойынша жақсы істер жасалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
