Алматыда қала көшелері су астында қалды
Толассыз жауған жауыннан Алматы көшелері суға кетті. Жаяу жүргіншілер жолдарын да тобыққа жетер су басып, тұрғындар біраз әбігерге түсті. Тіпті бір көшенің жолы опырылып, 13 көлікке зақым келген. Алып шаһардағы соңғы ахуалды әріптесім Нұрдәулет Сыздық жеткізеді
Нөсер жауын салдарынан Аманжол көшесі опырылып түскен. Салдарынан 13 көлік зақымданды. Себебі көшеде инфрақұрылым тарту жұмыстары жүріп, толық аяқталмаған.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Нөсер салдарынан Аманжол көшесінің жолы аман болмай тұр. Жауаптылардың сөзінше, жол 20 сантиметр тереңдікке опырылып түскен. Қазір көліктерді қауіпсіз аймаққа көшіріп, топырақ төсеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мердігер компания зақым келген автокөліктердің шығынын өтеп беруге де міндеттелді.
Мердігер компания бірер күнде жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз дейді. Алайда жаңбыр жауса, жұмыс тоқтап қалуы әбден мүмкін.
Қанат Сағындықов, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары:
Арық жүйесін жөндеу, өзімізде 18 сондай орын бар. Бізде мәселе туындайтын. Соларды біз қалалық Экология басқармасының жобасы бар. Солармен бірлесіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жылдың аяғына дейін бітіруге тырысамыз.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы 3 күнде жауын-шашын болуы ықтимал. Жағдай қайталанса, тұрғындарды тағы да әбігерге салуы мүмкін. Десе де қаланың коммуналдық қызметі ауа райының қолайсыздығына дайынбыз деп отыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup 2026 кестесі
02.07.2026, 20:30
Халықтық Конституция - тұрақты дамудың кепілі
02.07.2026, 20:16
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
02.07.2026, 20:15
Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады
02.07.2026, 20:07
Әлем жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 20:05
Президент бірқатар кездесу өткізді
02.07.2026, 20:05
Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті
02.07.2026, 20:03