Басты Жаңалықтар Сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді

Сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді

Жеке тұлғаның шекарасын бұзып, психологиялық қысым көрсеткендер жазаға тартылады. Бүгінен бастап сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді. Бұған дейін мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік болмаған. Енді жеке тұлғаны аңдып, қайта-қайта телефон соғып, интернет арқылы бақылап, қорқыту қылмысқа жатады. Мұндай қадамға барғандар 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлейді. Сондай-ақ түзеу жұмыстарына тартылып, 50 тәулікке дейін қамалады. 

Қанат Дүмшебаев, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басқарма бастығы:

Бұл заң әрбір адамның кеңістігіне құрметпен қарау қажеттілігін айқындап, психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталып отыр. Жаңа заң нормасы бүгін күшіне еніп отыр.
Некеге мәжбүрлегендерге қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Тағы бір жаңалық. Бұдан былай, некеге мәжбүрлеу қылмыстық құқықбұзушылық ретінде танылады. Қылмыстың құрамына қарай 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Сондай-ақ, қылмыстың зардабына қарай кінәлілер 5 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасына кесіледі.


Бөлісу