Ұлттық волонтерлік желі арқылы 6 мыңдай ерікті оқудан өткен
«Таза Қазақстан» экологиялық жобасын іске асыруда еріктілер екпінді еңбек етуде. Мәселен, Ұлттық волонтерлік желі арқылы 6 мыңдай адам оқудан өтсе, ал, тиімді жоба ұсынғандар 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болған. Оның ішінде, қоршаған ортаны қорғау, су көздерін тиімді пайдалану бағытындағы креативті жобалар бар. Осындай тың бастамалар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын табысты жүзеге асыруға түрткі болмақ. Ұлттық волонтерлік желісі ұйытқы болған жиында экологиялық акцияға қатысушылардың қатарын көбейту, цифрлық технологияны қолданып, экомәдениетті қалыптастыру сынды мәселелер талқыланды. Қазір осы бағытта мектептерде экоклубтар құрылып, жұмыс бастаған.
Бауыржан Жұмат, ерікті:
Қазір «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Green Step жобасын іске асырып жатырмыз. Бұл — Ұлттық волонтерлік желінің бастамасы. Жоба бүкіл Қазақстанды қамтиды. Негізгі мақсат — «Таза Қазақстан» акциясының экосананы арттыруға тигізіп жатқан пайдасын түсіндіру.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 161 волонтерлер ұйымы жұмыс істейді
25.09.2026, 15:10
Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды
25.09.2026, 15:09
Биыл мемлекетке 1 млн гектардан астам жер қайтарылды
25.09.2026, 15:09
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 15:08
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
«Жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарды»
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05