Дропперлерге жаза күшейеді
Бұдан былай өз банк шотын немесе картасын бөтен адамға беріп, кибералаяқтарға көмектескен тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Бүгіннен бастап қылмыстық кодексте жаңа бап күшіне енді. Бұл өзгеріс кибералаяқтардың ұрлаған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға тоқтам салуға бағытталған. Өйткені қазір қылмыскерлердің «шотым бұғатталды» деген жалған сөзіне сеніп, азаматтар өз картасын пайдалануға рұқсат беріп жатыр. Ал бұл делдалдық болып саналады. Өткен 8 айдың өзінде елімізде ақша аударымдарына қатысты 5 жарым мыңға жуық қылмыс тіркелген. Енді осындай әрекетке барғандар 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды. Сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамалып, тіпті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бейбіт Біржанов, ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары:
Азаматтарымыз егер де өздеріне тиесілі банк есепшоттарын үшінші тұлғалардың есебіне өздері ақша аударым жасаған болса және ақша аударымы үшін пайдакүнемдік мақсатта ақша иеленген жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
