Димаш Құдайберген Ұлттық арнаның жаңа жылдық арнайы бағдарламасына да қатысады
Екі апта бұрын мерекелік кештің түсірілімі Бурабайда өтті. Себебі, ол кезде Астанада қар жоқ болатын.
Шығармашылық топ Көкшетауға түс кезінде жетіп, техника, камераларды орындарына қойып, реттестіргенше кеш те батқан. Ал, далада аяз күшей түседі. Соған қарамастан, Димаш еш шағымсыз, ешқандай мінез көрсетпей бірнеше сағатқа созылған бейне түсірілімге бастан-аяқ түсіп шықты. Бұған қоса қосымша сұқбаты бар, жұмыс таңғы 6:00-ге дейін созылды. Тіпті, келесі күні әннің өңдеуіне де өзі қатысыпты. Ертесінде Мәскеуде өтетін концертке өнер көрсету үшін ұшып кетті. Бұл - Димаштың дара талантынан бөлек, оның еңбекқор және жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы