Алматыда «Цифрлы күз» жобасы аясында Франция елшілігі ұйымдастырған «PIAFS» көрмесі өтті.
Бұл - Париж қаласының төңірегін мекен ететін құстардың атауымен байланысты. Оған 15 мемлекеттің үздік суретшілері салған суреттер қойылды. Көрменің ерекшелігі - картиналарға смартфонның камерасын жақындатқанда камерадағы бейне қозғалысқа түседі. Сондықтан, жаңа технологияның жетістіктері енгізілген бейнелер адамның қиялын дамытуға ықпал етеді. Көрменің ғажайыбы сол - суреттегі жан біткен құстар Париж тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі мен өмірін баяндайды.
Орельен Женни, суретші, графист, иллюстратор:
-Кескінде Париждің «PIAFS» құсы және басқа да құстар бейнеленген. Суретті салу барысында сатира жанры қолданылған. Әзілге құрылған құстардың бейнесінің қалжыңға толы әрекетінің астында зілді салмақ бар. Сондықтан, бұл - ұғымға ауыр туындылар. Дегенмен, алматылық талғампаз көрермен көрме арқылы не айтқымыз келгенін түсінген сияқты.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ