Металлургтер династиясы ғасырдан астам уақыт ата жолын жалғап келеді
Қостанайда металлургтер династиясы ғасырдан астам уақыт ата жолын жалғап, еңбек етіп келеді. Светлана Черепанова еңбек жолын 1987 жылы құйма өндірісінен бастаған. Содан бері үзбестен адал қызмет етіп келеді. Бүгінде ол металлургия цехының басшысы. Бала кезінен шоқтай қызған темірдің жалынын қызықтап өскен. Себебі ата-анасы да осы саланың ардагері. Ұлы да анасының жолын қуып металлургия саласын таңдады. Ал әпкесі – зауытта электр маманы. Еңбек әулетінің металлургия саласындағы жалпы еңбек өтілі - 114 жыл.
Светлана Черепанова, металлургия цехының басшысы:
Менің ата-анам да металлург. 1966 жылдан бастап зейнет жасына дейін еңбек етті. Мен олардың жолын жалғаймын деп шештім. Оттың ыстық жалыны маған ерекше сезім сыйлайды, жұмысымды жақсы көремін. Ең бастысы – жауапкершілік пен темірдей тәртіп. Себебі өндіріс қауіпті сала, айналаңдағылар мен өз өмірің үшін жауаптысың.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09