Сарапшылар: Бір палаталы Парламент – басқару жүйесін жеңілдетеді
Бір палаталы Парламент – басқару жүйесін жеңілдетіп, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ең алдымен заң шығарушы органның шешім қабылдау үдерісі жеделдей түспек. Қазіргідей Мәжіліс мақұлдап, Сенат қайта қарап, кейде кері қайтарып отыратын көпсатылы жүйе уақытты созатыны рас. Сондықтан Президент бастамасы құптарлық өзгеріс, дейді сарапшылар. Бұл – қосымша жұмсалатын қаржы, ресурстар мен адами капитал, тіпті инфрақұрылымға кететін шығынды азайтады және саяси жауапкершілікті күшейтуге септігін тигізбек. Бүгін Қазақстан стратегиялық зерттеу институында Мемлекет басшысының жолдауда көтерген бастамалары талқыланды.
Елнар
Серікбаев, ҚСЗИ стратегиялық талдау бөлімінің жетекшісі:
Бір палаталы Парламент – әлемде кең таралған басқару үлгісі. Дүниежүзінің 70 пайызға жуығы осы жүйеге өткен. Себебі бұл мемлекеттік саясатты оперативті түрде жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заң шығарушы биліктің барлық өкілеті бір құрылымға шоғырланғанда, депутаттар қоғам алдындағы міндетін бұрынғыдан да терең сезіне түсетіні анық.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06