Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?

Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын ұсынды. Сондай-ақ мұндай маңызды қадамды асығыс жүзеге асыруға болмайтынын және жан-жақты талқылау керектігін де айтты. Ел тұрғындары алдағы саяси реформа жайында  пікір білдірді.

Рауан Байдалы, тарих ғылымдарының докторы:

Халық өзі шешсін дейді. Парламент – бір палаталы. Бұрын депутаттыққа ассамблея атынан түсетіндер болса, енді тек саяси партия атынан ұсынылады. Осы жайында да сөз қозғап, саяси партияларға уақыт барын, дайындалып, сайлауға түсу қажеттігін аңғартты.

 Айнұр Исаева, Экономика және құқық институтының директоры:

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін оңтайлы шешім табуы үшін бір палаталық жүйенің тиімді тұстары өте көп деді. Ол қаржылық мәселесіне байланысты да, яғни бір жерде Мәжілістен, одан кейін Сенаттың мақұлдауын ұзақ күтудің қажеті жоқ. Сол Парламенттік, яғни Мәжіліс депутаттарының қолдау тауып, дауысқа салса, соның өзі жеткілікті деп есептеп отыр.

Ербақыт Амантайұлы, облыстық Мәслихат депутаты:

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын жағдайларда кейбір шешімдерді нақты қадағалап отыру үшін қос палата керек болған шығар. Кейбір заңдар, кейбір шешімдер төменгі палатадан қабылданып барып, оны жоғары палата қайтарып берген жағдайлар болды. Әлемдік тәжірибеде көптеген елде қолданылатын бір палаталы Парламент ол бізге де керек деп ойлаймын. Және оны халық өзі референдум кезінде шешіп алуы керек.

Афиза Семғалиева, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары:

Көптен бері азаматтық қоғамда талқыланып жатқан қос палатаны біріктіру мәселесін бүгін Президент ашық айтты. Яғни, Мемлекет басшысы қоғамда айтып жатқан мәселені жария етті. Және өзі атап кеткендей, бұған да халық өзінің нақты шешімін айту керек. Яғни, алдағы уақытта жұмыс көп. Тапсырма алынды.


Бөлісу