Қазақ телевизиясы: Бүгіні мен даму бағыттары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақ телевизиясы: Бүгіні мен даму бағыттары

Қазақ телевизиясы: Бүгіні мен даму бағыттары

Отандық телеарналардағы жарнамаға шектеу қою дұрыс па? Мәселен, тәтті сусындар мен кейбір дәрі-дәрмекті жарнамалауға тыйым салу медиа нарыққа қаншалықты әсер етеді? Бүгін Алматыда Ұлттық медиа қауымдастықтың ұйымдастыруымен өткен конференцияда осындай өзекті мәселелер қаралды. «Қазақстан телевизиясы: жаңа жағдай мен жаңа мүмкіндіктер» деп аталған басқосуға жетекші телеарналардың басшылары, жарнама агенттіктері, медиа зерттеушілер мен сарапшылар қатысты. Жиын барысында «Қазақстанда теледидар қарау көрсеткіштері: аудитория талдауы» атты алғашқы кешенді есеп таныстырылды. Ауқымды зерттеуде телекөрерменнің талғамы, бағдарламаларға деген сенімі, контентке деген қызығушылығы нақты деректермен көрсетілген. Конференцияда телеиндустрияны дамыту, рейтинг жүйесін жетілдіру және жарнама нарығын реттеу бағытында бірқатар ұсыныс айтылды.

Бөлісу