Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады
Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Паспорттың қажеті болмайды. Яғни Арменияға барғыңыз келсе, жеке куәлігіңіз ғана қажет. Қазақстан мен Армения азаматтарына осындай мүмкіндік туды. Бүгін Мәжіліс депутаттары осы келісімді ратификациялады. Сондай-ақ екі елде жүру мерзімі ұзартылды. Бұған дейін 30 күн тұрақтауға рұқсат берілетін. Енді 90 күн жүруге болады. Құжатты ратификациялау екі ел азаматтарының бір-бірінің аумағында болуына қолайлы жағдай жасап, екіжақты ынтымақтастықты нығайтады, - дейді депутаттар.
Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазір екі ел тек ғана өздерінің жеке куәліктерімен жүре алады. Содан кейін мерзімі ұзарды. Бұған дейін азаматтар 30 күнде тіркеліп, рәсімдерін өткізу керек болатын. Қазір 30 күнге дейін ешқандай рәсімдеу керек емес. 30 күннен кейін рәсімдейді. Және 90 күннің ішінде елде жүре алады. Осындай ратификация Ресей мен Қырғызстан арасында болды. Қазір Армения елі қосылды.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14