Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1400-ден асты
Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1400-ден асты. 3 мыңнан астам тұрғын зардап шеккен. 8 мыңнан астам баспана қирады. Зілзала болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғи апаттан қаза тапқандардың көбі дүмпу ошағына жақын орналасқан Кунар провинциясының тұрғындары. Ресми мәліметтерге сай, марқұмдардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Бүтін бір ауылдар қираған. Батыс елдері Ауғанстанға зілзала салдарымен күресте көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. БҰҰ 5 млн доллар, Ұлыбритания 1 млн фунт стерлинг бөлген. Қытай, Үндістан мен Швейцария да гуманитарлық көмек жіберуге уәде етті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан ӘЧ жеребе тарту рәсімі өтеді
05.12.2025, 17:37
Атырау облысының ауылдары спорт кешендерімен толық қамтылады
05.12.2025, 17:35
Алматыда «Тірек: қыз тағдырының арқауы» атты дата-арт көрме ашылды
05.12.2025, 17:33
Жаңаөзенде «Оразмағамбет» тарихи драмасының премьерасы көрсетілді
05.12.2025, 17:31
Астанада Несіпбек Айтұлын еске алу кеші өтті
05.12.2025, 17:29
Заңгерлердің өкілеті кеңейетін болды
05.12.2025, 17:27
Қостанай облысында түлкінің адамға шапқан 21 дерек тіркелді
05.12.2025, 17:24
Индонезияда лай көшкіні құрбандары 867-ге жетті
05.12.2025, 17:21