Киіктердің бір бөлігін көрші елге көшіру жоспары бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киіктердің бір бөлігін көрші елге көшіру жоспары бар

21.07.2025

Қазақстаннан Өзбекстанға 500 бас киікті қоныстандыру жоспарланып отыр. Екі елдің экология министрлігі бірлесе отырып, осындай шараны жүзеге асырмақ. Қазір тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ekolog.UZ сайты хабарлады. Көрші елдің табиғат қорғаушылары Қазақстандағы бөкендердің бір бөлігін Өзбекстан аумағына көшіру туралы бастама көтерген. Өзбекстанның экология министрі бұған қатысты түсінік берді. Ол өз сөзінде «киіктердің жергілікті ортаға бейімделуі үшін барлық жағдай жасалады» деді. Бұл сирек кездесетін жануар түрін сақтап қалудағы маңызды қадамдардың бірі екенін де атап өтті. Шілдеден бастап Батыс Қазақстан облысында ақбөкен популяциясын бақылаудың ресми бағдарламасы іске қосылған еді. Осы жоба аясында киіктердің саны реттелмек.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу