Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
«Отбасы банк» ұсынатын ипотекалық бағдарламалар енді екінші деңгейлі банктерге де енгізіледі. Наурыздың 19-ынан бастап жаңа заңнама күшіне енеді. Жеңілдетілген несиенің бірыңғай талаптары жоқ. Алдағы уақытта әр банк өз ережесін бекітеді. Бірақ сарапшылардың пікірінше, олардың көбі 50/50 бағдарламасын таңдайды. Яғни әуелі депозит ашып, тұрғын үй бағасының жарты сомасын салу керек, ал қалғанын банк 3,5-7 пайызбен беруге міндетті болады. Айта кету керек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, олар «Отбасы банк» секілді жыл сайын мемлекеттік премия бере алмайды.
Олжас Рамазанов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының бастығы:
Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңының 10-бабына сәйкес мемлекеттік сыйақы екінші деңгейлі банктерге қарастырылмайды. Енгізілген түзетулерге сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұғымы кеңейтілді.
Жаңашылдық тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді? Сарапшы пікірін тыңдайық.
Қалампыр Кенжетаева, экономист:
Тұрғын үй мәселесіне келсек, сұраныс көп болғандықтан, тұрғын үй бағасы жоғарылауы мүмкін. Бірақ қалай болғанда да қазіргі инфляциямен есепке алсақ, ол адамға сенім ұялатады. 50 пайызыңыз болса, төмен проценттік ставка болса, мемлекеттен субсиядияланған бағдарламалар қосылса халыққа тиімді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы