Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
Қазақстандағы Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар да қызу талқылап жатыр. «Ықпалды Парламенті бар Президенттік республикаға көшу, билік тармақтары арасында тепе-теңдікті сақтау әділетті мемлекет құрудың маңызды тетігі», - дейді Брюссельдегі «EuaLive» медиа порталының редакторы Георгий Готев. Болгарлық журналист Қазақстанда бір палаталы Парламенттік жүйені және вице-президент лауазымын енгізу маңызды деп санайды. Сарапшының сөзінше, Болгарияда вице-президент пен бір палаталы Парламент жемісті жұмыс істеп, тиімділігін дәлелдеген. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында заң үстемдігін арттырып, ел азаматтарының мүддесін қорғауға басымдық берілгені жоғары бағаға лайық, дейді редактор.
Георгий Готев, «EuaLive» медиа порталының құрылтайшысы, редакторы:
Бұл реформалар азаматтық қоғамға ашықтық беріп, саяси партиялардың Парламентке өз өкілдерін сайлау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Президент бастама көтергенімен, барлық ұсынысты консультативтік кеңестің талқысына салып, ел азаматтарының референдум арқылы шешім қабылдау тетігі өте маңызды деп санаймын. Бұл елдеріңіздің өз азаматтарының мүддесі үшін адам құқықтарын күшейту жолына түскенін аңғартады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы